Жүктелуде…
SPOT — халықаралық авторлық киноны Алматы көрерменімен байланыстыратын төрт күндік фестиваль. 16–19 қыркүйекте Tselinny, Almaty Theatre және Forum Event Space алаңдарында көрсетілімдер мен талқылаулар өтеді.


Бес топтама фильмдерді шыққан еліне емес, кейіпкерлер тап болған жағдайға қарай біріктіреді: жаңа ортаға көшу, түнгі дағдарыс, жоғалтумен өмір сүру, қысқа уақытта шешім қабылдау немесе қалыптасқан тәртіпті бұзу.